Наурыз мейрамында теміржол тасымалына 35 мың қосымша орын ашылады
Наурыз мейрамы кезеңінде жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындайды, сондай-ақ сұранысы жоғары бағыттарда қатынайтын қолданыстағы пойыздар құрамына қосымша 230 тіркеме вагондар қосылады. Нәтижесінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады. Қабылданған шаралар мереке күндерінде билет қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Бұл туралы көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қосымша пойыздар қозғалысы:
№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»
• Алматы-2 станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз;
• Астана-1 станциясынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.
Барлығы — 6 рейс.
№204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»
• Нұрлы жол станциясынан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз;
• Шымкент станциясынан: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.
Барлығы — 8 рейс.
№205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»
• Ақтөбе станциясынан: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз;
• Нұрлы жол станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.
Барлығы — 6 рейс.
Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.
Анықтамалық ақпарат 1433 тегін нөмірі, сондай-ақ Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасы арқылы ұсынылады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



