Жаңалықтар
Наурыз мейрамында адам көп жиналатын шараларға тиым салынады
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Наурыз – қазақтың ежелден келе жатқан мейрамы, бірақ ең маңызды мәселе – адамның қауіпсіздігі. Азаматтарға бастарыңды қоспа деп айту қиын, себебі бұрын да бір-бірінің ауылдарына барып амандасып, құттықтап қайтқан. Наурыз мейрамында адам көп жиналатын жерлерде өтетін шараларға тыйым салынады, бірақ азаматтардың бір-біріне барып көрісуіне, құттықтауына шектеу қойылмайды. Әр адам өзін ғана емес, айналасындағыларды, ағайын-туысты ойлауы керек, сол себепті бұрынғыдай 500-1000 адам жиналатын шараларға тыйым салынады», – деді Ералы Тоғжанов.