Наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтарға бірден бірнеше ұзақ демалыс сыйлайды. 2026 жылдың наурызы мерекелерге байланысты ұзақ демалыстарымен ерекшеленетін, жұмыс күндері аз айлардың бірі болады.

Наурыз айында ел тұрғындары екі бірдей мемлекеттік мерекені атап өтеді. Ол халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы. Сондықтан биылғы наурыз айы жұмыс күндерінің саны бойынша ең «қысқа» айлардың бірі.
– бес күндік жұмыс аптасында: 13 демалыс күні, 18 жұмыс күні
– алты күндік жұмыс аптасында: 9 демалыс күні, 22 жұмыс күні.
Халықаралық әйелдер күні яғни, 8 наурыз мерекесі жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні 9 наурыз дүйсенбіге ауысады. Бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 3 күндік демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күні – 10 наурыз, сейсенбіге сәйкес келеді. Ал, алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 7 наурыз жұмыс күні болып есептеледі.
Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі.
Мерекелік күндердің бір бөлігі демалыс күндерімен сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады.
Наурыз мейрамындағы демалыс кестесі:
– бес күндік жұмыс аптасында: 24-25наурыз-қатарынан бес демалыс күні (сенбіден сәрсенбіге дейін)
– алты күндік жұмыс аптасында: 21,22,23 және 24 наурыз – демалыс күндері, 25-наурыз жұмыс күні.
Арайлым КӘРІҒҰЛ
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің IV курс студенті



