Бас тақырыпСпорт

Нариман Құрбанов – Әлем кубогының жеңімпазы

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері қарағандылық Нариман Құрбанов өзінің бірінші ресми жарысында тұтқалы ат снаряды жаттығуында чемпион атанды. Ол 14,634 ұпай жинады.

Сурет ҚР Туризм және спорт министрлігінен

Бұл ретте, спорттық гимнастикадан Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан әлем кубогының үшінші кезеңінде қоржынымызға екі бірдей жүлде түсті.

Алтынды Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов қанжығаласа, күміс жүлдені қазақстандық Зейнолла Ыдырысов жеңіп алды. Қоланы Иорданиялық Әлем чемпионатының екі мәрте жүлдегері Ахмад Әбу әл-Сауд иеленді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button