«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға құжаттарды қабылдау басталды
арағанды қаласында «Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ (одан әрі – ҚИК) желісі бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға құжаттарды қабылдау басталды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Бағдарламаның осы бағыты аясында Қарағанды қаласы, 12-ықшамаудан, 46/1 үй мекенжайында, жалпы ауданы 4144,17 м2 құрайтын 65 пәтер сатылады. Тұрғын үйдің құны 1 шаршы метр үшін 736 теңгені құрайды, соның ішінде:
1) І тип бір бөлмелі: 11 пәтер (ауданы 40,05 ш.м. бастап 48,77 ш.м. дейін)
2) ІІ тип екі бөлмелі: 39 пәтер (ауданы 50,78 ш.м. бастап 68,60 ш.м. дейін)
3) III тип үш бөлмелі: 11 пәтер (ауданы 69,75 ш.м. бастап 96,41 ш.м. дейін)
4) IV тип төрт бөлмелі): 4 пәтер (ауданы 80,88 ш.м.)
Тұрғын үйді сату шарттары:
ҚИК желісі бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының Ережесіне сәйкес бағдарламаның қатысушылары:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;;
2) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
3) оралмандар;
4) 1 және 2 топ мүгедектері;
5) көп балалы отбасылар;
6) толық емес отбасылар.
7) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi болып табылады
Бағдарлама қатысушыларына қойлатын негізгі талаптар:
1) тұрғын үй алуға мұқтаждардың есебінде тұрғанын куәландыру;
2) тұрғын үйді сату шарттары бойынша төлем міндеттерін орындау мүмкіндігін тиісті кірістермен куәландыру.
Әр адамға кемiнде он бес шаршы метр пайдалы алаңы бар және бiр бөлмелi пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден көп тұрғын үйі бола отырып тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында тұрғын үй алуға есепте тұрған тұлғаларға Бағдарламаға 1-топ қатысушылары ретінде қатысуға рұқсат етілмейд.
Үміткерлер келесі құжаттар тапсырады:
1) белгілі бір пәтер түріне арналған өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) өтініш берушіні және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы (анықтаманың жарамдылық мерзімі 10 күнтізбелік күн);
4) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш (нотариат куәландырған өтініштің жарамдылық мерзімі осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн);
5) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйінің бар немесе жоқ екені туралы анықтама (анықтаманың жарамдылық мерзімі 10 күнтізбелік күн);
6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;
7) өтініш берушінің басқа адамдарын отбасы мүшелері ретінде тану туралы сот шешімі;
8) жалақы туралы анықтама (анықтаманың жарамдылық мерзімі 10 күнтізбелік күн);
9) кезектілік нөмірін немесе бірегей нөмірді көрсете отырып тұрғын үйге мұқтаж (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) есебіне қою туралы мәліметтер;
10) өзінің және (немесе) қарыз қаражат есебінен тұрғын үййді сатып алуға дайын екендігі туралы өтініш;
11) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 67-бабында айқындалған санаттарға өтініш берушінің қатысын растайтын құжаттар.
Құжаттар 03.08.2018 жылдан сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден бастап 14.00-ге дейін, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39 (қалалық әкімдіктің ғимаратында) мекенжайы бойынша қабылданады.