Бас тақырыпРесми

Нұрлан Ламбеков Приозерск қаласының әкімі болып тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Приозерск қаласының әкімі лауазымына Нұрлан Ламбеков тағайындалды. Бұған дейін ол Осакаров ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Нұрлан Ламбековті Приозерск мәслихатының кезектен тыс сессиясында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов таныстырды. Депутаттар кандидатурасын мақұлдады.

Облыс әкімінің орынбасары қаланы дамытудың басым бағыттарын белгілеп, Приозерск қаласының жаңа басшысының алдына бірқатар міндеттер қойды.

Нұрлан Ламбеков еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында физика пәнінің оқытушысынан мектеп директорына дейінгі мансап жолдарын жүріп өткен.

1995 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарқаралы ауданы Балықтыкөл ауылы, Қарағайлы кенті әкімдері лауазымдарын атқарды.

2006 жылдан 2012 жылға дейін Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысы, Қарқаралы қаласының әкімі, содан кейін Осакаров ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.

2012 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Осакаров ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button