Жаңалықтар

Нұра өзеніне 10 мыңнан астам сазан балығы жіберілді

Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «Қарағанды балық өсіру зауыты» ғылыми ұйымымен бірлесе отырып, мемлекеттік тапсырыс аясында Нұра өзеніне 10 мыңнан астам сазан балығын жіберді.

Сурет: Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан алынды

– Балықшылар үшін қуанышты жаңалық. Нұра өзеніне 10 026 сазан балығы жіберілді. Шабақтарды  өзенге жіберуді табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырды. Бұған Қарағанды балық өсіру зауытының ғалымдары көмектесті, – дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Басқарма мамандарының айтуынша, аталмыш шара Нұра өзені мен басқа да су қоймаларын қорландыру, табиғи су қоймаларының балық ресурстарын сақтау және үнемді пайдалану, сондай-ақ өз бетінше қор құру, сол арқылы  бағалы, сирек және құрып кету қаупі бар балық түрлерін сақтау мақсатында жүзеге асырылған.

Экологиялық акция Республика күніне орай орайластырылды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button