Бас тақырып

Нұра өзенінде суға батқан қызды іздеу жұмыстары жалғасуда

29 маусымда Бұқар жырау ауданы Нұра өзенінде екі қыз бала суға кеткені жайлы жазып едік. Бүгінде 2011 жылы туған қыздың денесін жергілікті тұрғындар тауып алған. Ал, екіншісінікі әлі іздестірілуде.

Суреттер департаменттің баспасөз қызметі

Іздестіру жұмыстарын облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті полиция қызметкерлері, туыстары мен ауыл тұрғындары жүргізіп жатыр.

Департамент басшылығы суға түсу маусымында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

– Жүзу білмесеңіздер, беліңізден жоғары суға түспеңіздер. Балаларды қараусыз қалдырмау қажет және мас күйде суға түсуге тыйым салынады. Әрі жағадан алыс жүзбеу қажет. Жүзуге тыйым салынған, ескерту белгілері қойылған жерге түсуге қатаң тыйым салынады, – деді мамандар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button