Нұра ауданында жаңа сүт-тауар фермасы ашылады
Нұра ауданы Көбетей ауылында 1100 бас ірі қара малға арналған заманауи сүт-тауар фермасының құрылысы аяқталды. Көктемде ірі қара жеткізіледі, содан кейін кәсіпорын жұмысын бастайды.
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов “Әкімдік қайда қарайды” YouTube-арнасына ауыл шаруашылығындағы жаңа мүмкіндіктер, өңірдің өз өнімдерімен қамтамасыз етілуі туралы айтып берді.
– Қарағанды өңірі индустриалды аймақ. Дегенмен, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту басым бағыттардың бірі болып табылады. Жалпы өңірлік өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі шамамен 4%. Облыста 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 14-і өндіріледі. Алты атау бойынша ішкі қажеттіліктер толық қамтамасыз етілген. Бұл ұн, картоп, сиыр еті, тауық жұмыртқасы және т.б. Сегізі бойынша ішінара қамтылған – 4-тен 65%-ға дейін. Бес тауар түрін әкелеміз: тұз, қарақұмық, күріш, күнбағыс майы, қант, – деді Бауыржан Асанов.
Оның айтуынша, міндеттердің бірі – ішкі нарықты өзімізде өндірілетін сүтпен қанықтыру. Шикізат тапшылығына байланысты сүт зауыттары жартылай жүктелген. Мәселе жаңа сүт-тауар фермаларын ашу арқылы шешіледі.
“Ауыл аманаты” жобасы бойынша ауыл шаруашылығы кооперациясына мемлекеттік қолдау көрсетілуде, деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары. 30 млн теңгеге дейін жеңілдікті несие алуға мүмкіндік бар. Облыста бір жылда 60-тан астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды.
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару жұмыстары жалғасуда. 2024 жылы көрсеткіш шамамен 163 га құрады. Сондай-ақ, облыста суармалы егіншілік өсуде.