АймақБас тақырыпНұра

Нұра ауданында қызыл кірпіш шығаратын зауыттың құрылысы басталды

Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Ахмет ауылында құрылыс материалдарын өндіретін жаңа кірпіш зауытының құрылысы басталды. Жоба ауыл мен өңірге аса қажет қызыл кірпішпен қамтамасыз етуге бағытталған.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 80 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл ауыл тұрғындары үшін тұрақты табыс көзіне айналады.

Жобаның жалпы құны – 1,5 миллиард теңге. Оны «Бірлік Нұра» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Биыл құрылыс жұмыстары толық аяқталып, барлық қажетті қондырғылар орнатылмақ. Зауыт 2026 жылдың басында жұмысын бастайды деп жоспарланған.

Жобаның іске қосылуына аудан басшылығы мен ауыл тұрғындары белсенді қатысты.

– Бұл тек жаңа кәсіпорынның құрылысы ғана емес, сонымен қатар ауданның болашағына салынған маңызды инвестиция. Ауылдық жерлерге инвестиция тарту – басты міндеттердің бірі. Осындай жобалар арқылы ауылдың әлеуеті артады, – деді Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов.

Жаңа зауыт өңірдегі құрылыс материалдарына деген сұранысты қамтамасыз етіп қана қоймай, салық түсімдерін де көбейтеді. Бұл өз кезегінде ауыл инфрақұрылымын дамытуға оң әсерін тигізбек.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button