АймақНұра

Нұра ауданындағы Шұбаркөл кентінде тұрғындар отбасымен келіп дауыс берді

Қарағанды облысы, Нұра ауданының Шұбаркөл кентіндегі №549 референдум учаскесінде дауыс беру белсенді өтуде. Кент тұрғындары маңызды саяси науқанға бейжай қарамай, учаскеге отбасымен келіп, өз таңдауларын жасауда.

Сурет кент тұрғындарынан

Тұрғындардың айтуынша, ел болашағына байланысты шешімдерге үн қосу – әрбір тұрғынның азаматтық міндеті. Сондықтан олар референдумға бірге келіп, бірлік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп отыр.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button