Нұра ауданы тұрғындарының назарына!
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Нұра ауданына барады. Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 2023 жылғы 11 мамырда сағат 14:30-да Нұра кентінің мәдениет үйінде өтеді. Содан кейін жеке қабылдау өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) 21-7-21 телефоны бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша қалдыруға болады: z.ryspaeva@karaganda-region.gov.kz.