Коронавирус

Нұр-Сұлтанда тағы 9 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 9 адам тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Осылайша, елде індетке шалдыққандардың саны 97 адамға өсті. 

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында – 55 адам, Алматы қаласында – 34, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Жамбыл облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, жалпы 97 науқас тіркелді», – делінген ақпаратта. 

Басқа материалдар

Back to top button