Білім

Нұрәлі – мақтанышымыз

Алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын дә­ріптеу, жастар арасында қайта жаң­ғырту мақсатында академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу уни­вер­ситетінде студенттер мен мектеп оқу­шылары үшін аймақтық дәстүрлі «Мағ­жан оқулары» өтті.

Сурет автордан

Ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу және Мағжан образын ашудан тұратын екі кезең бойынша қатысушылар тартысқа түсті. Мағжан сенген жалынды да, отты жастар арасынан суырылып, топ жарып М.Мамыраев атындағы мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы Нұрәлі Қайрат пен жетекшісі Айсұлу Мұстафина бас жүлдені иеленіп, көрермендер мен қазылар алқасының ерекше қошеметіне бөленді.

Қарсыластарының ішіндегі жасы екеніне қарамастан, тыңғылықты дайындығы мен талантының арқасында жүлдегер атанған Нұрәлі – көпшіліктің көзайымы болды. Ақын шығармаларын оқу кезеңінде «Мен жастарға сенемін!», «Мен кім?», «Қарағым» өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, 2 кезеңде «Мағжан монологын» жанынан сезіне әрі жүректерге жеткізе оқығаны арқылы дараланды.

Жетекші ұстазы шәкіртінің жауапкершілігін, өнерге жаны жақын жас жан екенін алға тартып, болашағына деген үлкен сенім білдіретінін жеткізді.

Күлшат МАХМЕТОВА,
М.Мамыраев атындағы
мектеп-интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button