Мырзағали Айтжанов: Нұрбек финалда барлық жігіттер үшін айқасады
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов 80 келі салмақта өткен Нұрбек Оралбай мен Кристиан Пиналес арасындағы жекпе-жекті қорытындылады, деп жазады ortalyq.kz Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап.
– Олимпиада ойындарында оңай қарсылас деген атымен жоқ. Барлығы да өте қауіпті саналады. Бүгін Нұрбекпен жұдырықтасқан доминикандық боксшы да құр емес. Ол қандасымыз Тоқтарбек Таңатқаннан бастап, мықты боксшыларды қатардан шығарды.
Нұрбек бүгін біздің айтқан тапсырмамызды мүлтіксіз орындады. Оған алға бармай, қарсыласты күтіп алып, қажетті кезде соққы жұмсау керектігін айттық.
Төрешілердің үш раундта да 3:2 есебін бергені туралы ештеңе айта алмаймын. Біз жеңісті бергеніне қуанып жатырмыз.
Алда финалдық жекпе-жек күтуде. Нұрбек командадағы барлық жігіттер үшін айқасады, – деді Айтжанов.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА