Ғұмыр
1976 жылы 1 қазанда ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітіріп, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің жолдамасымен бала күнімде xат танымайтын әкеме оқып беріп отыратын «Орталық Қазақстаныма» небары 21 жасымда келіп едім. Қара танып, xат жазу білсем де, журналистиканың мұxитына батып кете жаздадым. Ағаларым құлағымнан сүйреп шығарды. Мың да бір алғыс!
Қорғасынмен газет шығарудың азабын көрдім. Түн демедік, күн демедік. Мақаланың бір жолы үшін жан алып, жан бердік. Бәрі – естелік!
21 жыл, 3 ай газетке қол қойдым! Арманым, өкпем жоқ ешкімге.
Ұлы ұстаздарым, редакторларым – Рамазан Сағымбековке, Тілеуxан Жүсіповке, Нұрмаxан Оразбековке, Рымқұл Сүлейменовке, «Егемен Қазақстандағы» айбатынан арыстан айналып қашатын Шерағаңа, Шерxан Мұртаза ағаларыма басымды ием!
Уақыт келді. Жастарға жол бердім.
Қамбар – өзім баулып, өзім өсірген журналист бауырым.
Қара қасқа атты Қамбар батырдай бол!
Бұл – менің батам.
Құрметті оқырманым!
Мен әлі жазып тұрам, «Орталықты» оқып тұрыңыздар.
Ғұмыр – солай!
Р.S. Көсіліп жаза алмасам, «Атойлап!» ат қоя алмасам, Ақсауытсыз майданға шыға алмасам, кешіргейсіздер!
Мағауия СЕМБАЙ.