Бас тақырыпЖаңалықтар

Мыңжылдық мұра

Бүгінде қазақтың ұлттық ки­імі қайта жаңарып, сипат ал­ды. Наурыз келгенде ғана санды­ғынан алып шығатын қыдырма шапан қазір жоққа айналды. Тал­ғам жоғары. Этношапанның түр-түрін үздіксіз киіп жүретін ел көбейді. Осылайша, ұлттық киі­міміздің ұпайы түгелденіп келеді.

Мәселен, бір ғана өңіріміздің өзінде ұлттық киім тігетін 200-ге тарта дизайнер, тігінші бар екен. Олардың тапсырыссыз отырған күні жоқ көрінеді. Әсіресе, той-домалаққа жөн-жоралғы үшін тапсырыс көп. Одан бөлек, жастар күнделікті кеңсеге, жиын-тойға киіп жүретін заманауи киім түрі трендтен түспей тұрғанын айтады жергілікті дизайнерлер. Солардың бірі – «GulNur» тігін студиясының дизайнері Гүлнұр Жарылқанова.

– Өзімнің тігін студиямның негізін қалағаныма бес жылдай уақыт болды. Шынын айтайын, жылдан-жылға тапсырыс көбейіп келеді. Елдің талғамы да уақыт өткен сайын артуда. Тіпті, өздерінің идеясымен келіп, сызбасын ұсынып жататын тапсырыс берушілеріміз де бар. Біз де көбіне қазақ қыздарына арналған түрлі топтама бар. Күнделікті жұмысқа, жиын-тойға киетін шапан түрінен бастап, көйлектің түрлісін тігеміз. Біздікі әсіресе, әсемдігімен ерекшеленеді. Мысалға, мен әр көйлекке гүлдің пішінін моншақтап саламын. Бәйшешек секілді нәзік гүл киімді аша түседі. Ал түсін ашық, аспан түстес қыламын. Ұлттық киім күніне орай өтетін фестивальға көктемнің келгенін, жердің жаңаратынын сезіндіретін топтама ұсынбақпын, – дейді белгілі дизайнер Гүлнұр Оразбекқызы.

Қарағандыда Ұлтттық киім күніне орай өтетін «Nauryz – Fashion» этно-заманауи киімдер фестивалі дәстүрге айналды.

Қасымхан БҮРКІТҰЛЫ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button