Спорт

Мықты техникасымен мойындатты

Черногорияның Будва ша­һарында әуесқой бокстан жас­тар арасында мәртебесі әлем кубогымен тең тағы бір турнир мәресіне жетті. «Ад­риатика маржаны» деп аталатын додада Қазақстанның ұлттық құрамасы 27 медаль жеңіп алды. Ел мәртебесін асырған спортшылар арасында жерлестеріміз де бар.

Беделді турнирде Қазақстанның ұлттық құрамасының қор­жыны­на 4 алтын, 11 күміс, 12 қо­ла түсті. Ұлттық құраманың сапына Қарағанды облысының 6 боксшысы кірді. Атап айтсақ, Әлия Молдағұлова атындағы олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің шәкірттері. Мәселен, Нығман Нығмет турнирде жеңіске жетіп, үздік техникасы үшін арнайы кубокты иеленді. Ал, қыздар арасында Алина Құдайбергенова 63 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасып, жаһандық доданың күміс медалін місе тұтты.

57 салмақ дәрежесіндегі жек­пе-жектер өте тартысты өтті. Мұн­да Нығман Нығмет өнер көрсеткен еді. Ол ақтық сында қырғызстандық Амантұр Жұмаевпен жұдырықтас­ты. Төрт раундқа созылған тартыстың нәтижесінде төрешілер 3:1 есебімен жеңісті жерлесімізге берді.

– Төрт раунд жұдырықтасу – қашан да ауыр. Бірақ, мұның бәрі алдағы қиын әрі жауапкершілігі мол додаларға дайындық екенін ескерген жөн. Финалдағы қарсыласым оңай болған жоқ. Бірақ, бапкерлерімнің нұсқауын дәл және уақытында орындап отырдым. Тактикалық тұрғыдан жоғары дайындықпен рингке шықтым. Бокста дәл соққы мен жылдамдықтан бөлек, айла керек. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын! Алдағы уақытта бұдан зор жетістіктерге жету үшін аянбай еңбектенемін, – деді Нығман Нығмет.

Ерік НАРЫН,
«Ortalyq Qazaqstan»
Сурет спорт басқармасынан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button