Жаңалықтар
Мыңды еңсерді

Қарағанды машина жасау колледжіндегі №63 референдум учаскесінде сағат 16:00-дегі жағдай бойынша 1189 тұрғын дауыс беріпті. Алайда, учаскенің төрағасы Серікбол Шатинов келушілер саны әлі де ұлғаятынына сенімді.
— Таңертеңгі уақытта тұрғындардың қарасы көп болды. Түс ауа сәл сирегенімен кешке таман қайта көбейетініне сенімдімін. Сырттан келіп жатқандар да бар. Қазірге дейін 3 қала қонағы келіп дауыс берді. Оның 2-еуі таңертеңгі уақытта келсе, 1-еуі түс ауа келді, — дейді сайлау учаскесінің төрағасы.
Ербол ЕРБОЛАТ.