АймақЖаңалықтарТеміртау
Мопед тізгіндеген жасөспірім жол апатына ұшырады
Теміртауда Бауыржан Момышұлы мен Абай көшесінің қиылысында жеңіл көлік пен мопед соқтығысып, салдарынан 15 жастағы мопед жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті.

Көше қиылысында Chevrolet Cruze автокөлігі мен 15 жастағы жасөспірім тізгіндеген мопед сақтығысады. Мопедтің артында мінгескен 17 жастағы жолаушы болған.
– Жол апаты салдарынан 15 жастағы мопед жүргізушісі мен оның 17 жастағы жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Факті полицияға тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады қалалық полиция бөлімі.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz