Руханият

Моноопера Қарағандыда

Хакім Абайдың даналығы операда. 9 желтоқсан күні сағат 18:00-де «Шалқыма» коцерт залында «Толық адам. Ой толғау. Хакім Абай» атты моноопера өтеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мем­лекеттік сыйлығының лауреаты, Д.Верди атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және III дәрежелі «Барыс» ордендерінің кавалері, профессор Шахимардан Әбілов өнер көрсетеді.

Сурет ұйымдастырушылардан

Бұл кеште Абай Құ­нан­бай­ұлының өлеңдеріне жазылған ариялар мен романстар орындалмақ. «Толық адам. Ой толғау. Хакім Абай» монооперасы үш блоктан тұрады. Біріншісінде – «Қараңғы түн­де тау қалғып», «Қара­шада өмір тұр», «Қор болды жаным» және «Сегіз аяқ» шырқалады. Екіншісінде – «Ата-анаға көз қуаныш», «Бойы бұлғаң», «Біреуден біреу артылса», «Көзімнің қарасы» айтылады. Үшінші блокта – «Астана Опера» хор студиясының жас артистері өнер көрсетеді. «Айттым сәлем, Қаламқас», «Жел­сіз түнде жарық ай» ту­ындылары тыңдарманға бұ­рынғыдан өзгеше форматта ұсы­нылады.

Абай шығармалары күрделілігімен ерекшеленсе, бұл кеш сол күрделі туындыларды ерекше форматта тыңдарманға жеткізуді мақсат тұтып отыр. Уақыт қымбат заманда уақыт тауып келген жанның өкінбесі анық.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button