Бас тақырыпРесми

Моноқалаларды дамытудың сараланған тәсілі ұсынылды

Моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков мұндай елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына жүргізілген кешенді талдау туралы айтты.

– Қазіргі таңда Министрлік Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 22-ші тармағын орындау шеңберінде Саран қаласының экономикасын дамыту тәжірибесін басқа моноқалалар экономикасын әртараптандыру үшін қолдануға қатысты моноқалаларды әлеуметтік-экономикалық дамытудың 78 көрсеткіші негізінде талдау жүргізді. Сондай-ақ моноқалалардың даму әлеуетін есептеу әдістемесі әзірленді. Моноқалалардың әрбір тобы бойынша олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып, сараланған шаралар әзірленді, – деп атап өтті вице-министр.
Даму деңгейіне қарай қалалар инфрақұрылымды жаңғырту мен жаңа өндіріс орындарын іске қосудан бастап индустриялық аймақтар құруға дейінгі сараланған шаралар қабылданады. Бұл тәсіл мемлекеттің ресурстары мен күш-жігерін тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button