Бас тақырыпРесми

Моноқалаларды дамытуға 4 жыл ішінде 500 млрд теңгеден астам инвестиция салынды

Моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков аталған елді мекендерді ауқымды қаржылық қолдау туралы баяндады.

Сурет new-retail.ru
– Моноқалаларды қаржыландыру туралы айтатын болсақ, мүдделі орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктері тарапынан инфрақұрылымды дамытуға жыл сайын қаражат бөлінеді. Мәселен, 2020–2024 жылдар аралығында 512,4 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 241,6 млрд теңге бөлінді. Биыл 106,6 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 28,7 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, – деді ол.
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде моноқалаларда 2025–2028 жылдар кезеңімен 82,4 млрд теңге сомасына 41 жобаны жүзеге асыру көзделгені атап өтілді.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button