Бас тақырыпРесми

Моноқалаларда қазақстандық тауарларға басымдық беріледі

Моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков сатып алу жүйесі арқылы отандық өндірушілерді қолдау шараларымен таныстырды.

Сурет tribune.kz
– Ірі тапсырыс берушілер үшін ұзақмерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасау, елішілік құндылықты дамыту бағдарламасын енгізу, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуда елішілік құндылық үлесін арттыру, ШОБ дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдаудың өзге де бағыттары бойынша міндеттемелерді енгізу бөлігінде заңнамаға түзетулер енгізу қажет, – деп атап өтті ол.
Министрліктің мәліметінше, 2024 жылы моноқалалардағы сатып алу көлемі 2,7 трлн теңгені құраса, қазақстандық өнімнің үлесі 70,2%-ға жеткен.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Back to top button