Ресми

Мониторинг топ жұмысы күшейді

Республикалық матрицаға сәйкес стационарларға жүктемені бағалау бойынша Қарағанды облысы «қара қызыл» аймақта орналасқан. Денсаулық сақтау жүйесі ауыр жүктемені бастан кешуде, күн сайын облыста 900-ден астам адам короновирустық инфекциямен ауыруда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Карантин және мемлекеттік қолдау жағдайындағы бизнестің жұмысы туралы» брифингте облыстық жедел ден қою орталығының басшысы Қайрат ШОРМАНБАЕВ.

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 29 шілдедегі Қаулысына сәйкес карантиндік шаралар күшейтілді.

Осыған байланысты облыстың барлық өңірлерін де мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді.

Негізгі міндет-инфекцияның таралуының негізгі сәттерін бақылау, яғни бетперде режимін сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерде: дүкендерде, сауда орталықтарында, ойын-сауық мекемелерінде және басқа да кәсіпкерлік объектілерде карантиндік шараларды сақтау. Сонымен қатар, қолданыстағы санитарлық нормалар мен талаптар бойынша азаматтармен, кәсіпкерлермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, бетперде, жадынамалар тегін таратылуда. Қазіргі уақытта облыста 112 мобильді топ жұмыс істейді. (Облыстағы объектілердің жалпы саны 13670). Бұл жұмысқа мемлекеттік қызметкерлер, полиция қызметкерлері, қоғам белсенділері, волонтерлерден 600-ге жуық адам тартылды, – дейді.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мониторингтік топтар 133 348 нысанды тексерді, 2130 бұзушылық анықталды, 1272 айыппұл салынды. Айыппұлдардың шамамен алынған сомасы 103 миллион теңгеден асты. Шілде айында 330 бұзушылық анықталды (223 объект, 107 жекетұлға), немесе маусымға қарағанда 34 пайызға көп (246 бұзушылық, 180 объект, 66 жеке тұлға), – деді басқарма басшысы.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button