Бас тақырыпЖаңалықтар

Мойынты – Шығанақ учаскесінде 4 теміржолшыны жүк пойызы басып кетті

10 желтоқсан күні кешке сағат 17.15-те Мойынты – Шығанақ учаскесінде оқыс оқиға орын алды. Жүк пойызы жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларды қағып кеткен. Машинист шұғыл тежелуді қолданғанымен, апаттың алдын алу мүмкін болмады. Төрт адам қаза тапты.

Сурет ru.freepik.com

Оқиғаның себептері мен толық мән-жайын анықтау үшін ҚТЖ Басқарма төрағасының тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Комиссияны ұлттық компанияның бас инженері басқарады. Оның құрамына «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС және Магистральдық желі дирекциясының басшылары кірген.

Комиссия мүшелері дереу оқиға орнына барып, тергеу жұмыстары басталды.

Қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button