Мобильді аударым: 1 қаңтардан бастап не өзгереді?
Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың қандай ұялы аударымдарына салық салынатынын түсіндірді. Келесі жылдан бастап мобильді аударым жүйесі қалай жұмыс істейтінін айтып берді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

– Қазір банктермен апробация, пилоттық жоба жүріп жатыр. Үш ай ішінде бір карта бойынша 100 аударым критерийін қойдық. Бақылаймыз. Бұл критерийлер шартты түрде. Реттей аламыз, мүмкін аз, мүмкін көп болуы мүмкін. Егер бұл туыстар арасындағы, мүмкін әріптестер арасындағы қарапайым аударымдар болса, әртүрлі жағдайлар болады. Яғни, кәсіпкерлік қызметке қатысы болмаса, салық салынбайды. Сондықтан мұнда басты мақсат – жиі жүргізілетін аударымдарды фискализациялау, – деді Ерұлан Жамаубаев.
Сонымен қатар, сыйлыққа ақша жинайтын мектеп оқушыларының ата-аналары немесе жаңа перде алуға жасалған аударымдар үшін салық төлеу керек пе?
– Жоқ, мұндай жағдайларда салық шаралары қабылданбайды. Өйткені бұл бір реттік төлем. Мұндай аударымдар үшін тәуекел тудырмайды. Бірақ, бизнесі бар адамдар үшін тәуекел болады: дүкен, такси және тағы да басқа. Яғни, бизнеспен тікелей айналысатын адамдар. Бұл үшін арнайы картаны, арнайы шот ашыңыз және қалағаныңызша аударымдар жасай аласыз. Кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түріне тіркеліп, салық төлеңіз. Көлеңкеде жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды осыған әкеліп жатырмыз, – деп жауап берді Қаржы министрлігінің басшысы.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.