ҚММУ – үздік
ҚММУ – еліміздің үздік медициналық жоғарғы оқу орны деп танылды. Білім ордаларын бағалау қорытындысы «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» РММ білім және ғылымды дамыту орталығында шығарылды.
Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті 2015-2016 жылдары рейтингте көш бастаған. 2017 жыл қорытындысы бойынша тағы да үздік шықты. Екінші орында – Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевттік академиясы. Үздік үштікті Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті түйіндеді.
Бағалаудағы негізгі критерийлер қатарында ғылыми зерттеулер көлемі, халықаралық рецензияланатын ғылыми баспалардағы жарияланымдар саны, соңғы бес жылда ғылыми жобалардың дәйексөзделуі, алынған патенттер мен ғылыми зерттеулер саны, олардың коммерциялануы және инновациялық деңгейі, сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесіндегі жаңа технологияларға көшуі қарастырылды.
ҚММУ-де 48 кафедра қызмет етеді. Оның ішінде, реаниматология, нейрохирургия, микробиология, онкология және сәулелік терапия кафедралары бар. 2007 жылы университет жанынан жалпы бақылауға, балалар мен ересектерге жедел көмек көрсетуге, хирургиялық тігіс салуға және ота, УДЗ жасауға арналған манекендермен және студенттердің тәжірибелік машығын жетілдіруге арналған жабдықтармен қамтамасыз етілген тәжірибелік икем орталығы ашылған болатын.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.