Бас тақырыпҚарқаралы

Үміт шырақшылары

Адам баласы әсте ауырмай тұрмайды. Сондай жаны қысылған кезде бірінші кезекте дәрігерлер қауымынан көмек күтетіні рас. Жедел жәрдем шақырып, солар арқылы сырқаттың себебі анықталып, іле ем-дом алып сауығып кететіндер аз емес.

Алғашқы көрсетілген медициналық көмек талай адамның жанын ажалдан арашалап қалады. Бұл ретте жедел жәрдем қызметіне артылар жүк ауыр. Әсіресе, шалғай аймақтардағы фельдшерлер жолдың алыстығына қарамастан, көмекке зәру адамға қол ұшын созуға дайын.

Егіндібұлақ тұрғындары үшін құрамы төрт-бес адамнан тұратын фельдшерлер жедел жәрдем қызметін көрсетеді. Осы салада отыз жылға жуық еңбек еткен Айман Нұрқанова бастаған ұжымдағы тәжірибелілер қатарында Гүлназ Болкенова мен Бағлан Сағатов бар. Олардың жедел жәрдем қызметінде жүргеніне он жылдың мұғдары болды. Қазір аға буын мамандарының соңынан еріп, тәлімін көріп келе жатқан жас мамандар Медет Айтман мен Ақзия Мүшкенованың да болашағынан зор үміт күтуге болады. Себебі, олар да әріптестері тәрізді жергілікті халықтың алғысын алуда.

Қажет кезде хирург, терапевт, педиатр бейнесіне еніп кететін ауыл фельдшерлерінің өлшеусіз еңбектері ауыл халқына жақсы мәлім. Күн демей, түн демей, табиғаттың қатал мінезіне төтеп беріп әркез көмекке ұмтылатын жандарға елмен бірге рахмет айтқанды жөн санадық.

Дана ЖҮНІСБЕКОВА.

Басқа материалдар

Back to top button