Жаңалықтар

Өміршең мәселелер көтерілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ Жолдауында денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік, құқық саласына, сонымен қатар, пандемияға, оның зардабынан туындаған экономикалық мәселелерге ерекше көңіл бөлінген.

Президентіміз Үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, бюджет саласында жұмыс істейтін қатардағы жүргізушілерден бастап, осы салада еңбек етіп жүрген қызметшілердің жалақысын 20 пайызға көтеру керектігі жөнінде берген тапсырмалары өте орынды деп санаймын. Президент орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығын, бұған дейін 800 мектеп салу туралы берген тапсырмасын, бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттейтінін атап өтті. Жолдауда, сондай-ақ, экология, су, энергия тапшылығының алдын алу, цифрландыру сияқты өміршең мәселелер көтерілді. Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша берген тапсырмалары өте орынды деп санаймын. Кейінгі кезде баға да тұрақтамай қойды. Алдағы уақытта бағаның себепсіз өсуіне жол берілмейді деп ойлаймын. Жолдауда көтерілген өміршең мәселелер – бүгінгі күрделі уақытта ел келешегінің кемелденуіне септігін тигізетіні сөзсіз.

Б.ТОЙШЫБЕК,

ШЕТ ауданы

Басқа материалдар

Back to top button