Ресми

Өмірін бала күтіміне арнап, жұмыс істемеген аналарға зейнетақысы қалай реттелмек?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында еліміздегі бар өмірін балаларына арнап, жұмыссыз болған аналардың зейнетақысының қалай белгіленетініне байланысты сауалға жауап берді. Сөзінше, мемлекет мұндай аналардың әр баласына 3 жылдық еңбек өтілі ретінде қарастырады.

 

Министр зейнетақы жинағы төмен аналарға бала санына қарай еңбек өтілі мерзімі берілетінін айтты.

“Егер ана өмірін баласына арнап, соған қараған болса, әр балаға 3 жылдан қосымша еңбек өтілі беріледі. Сондықтан ең кем дегенде мемлекет 4 бала дүниеге алып келген аналарға 12 жылдық еңбек өтілін сыйлаған. Сонда аналар ең кем дегенде 65 мың теңгеден жоғары зейнетақы алады”,- деді Тамара Дүйсенова.

Министр сонымен қатар заң аясында зейнетақы тағайындау кезінде адамның еңбек деңгейі мен күнкөрісіне байланысты мәліметтері де ескерілетінін жеткізді.

“Еңбекақы 70 мың теңгеден кем болмауы керек. Мамандығы, білімі бар азаматтар  70 мың теңгеден жоғары алуы керек. Бұл осыған қарап еңбекақы, мен жәрдемақыны есептеу болып табылады”,- деп қосты министр.

Тамара Дүйсенова денсаулыққа зиянды жұмыс орнында істейтін шахтерлерге байланысты олардың зейнетке 50 жастан бастап шыға алатынын мәлімдеді. Сөзінше, мұндай қызметтегілерге зейнетақы қорларын жинақтау мәселесі Ұлттық банкпен бірлесе жасалмақ.

 

Басқа материалдар

Back to top button