Жаңалықтар

Өмірден өтті жақсы адам

Замандастарының арасында ол (Зағыпар Шәкентаев) «Захан сері» атанып кеткелі қашан?!

Сурет марқұмның жеке мұрағатынан

Ел қойған атқа тұрарлық, соған сай азамат бола білді. Кез келген ортаның гүлі еді. Көңілі құлаған өлеңді бар ықыласымен, нақышына келтіріп жатқа оқығанда тыңдаушыларын елжіретіп жіберуші еді. Захаңның қаламынан туған әр өлеңнің өзіндік тарихы бар. Ширек ғасыр бірге жүрдік. 5-6 ән жаздық, соның ішінде «Қызғұмыр» деген әнімізде:
Қыз ғұмыр дәурен қызықты күндер,
Ғайып боп қайда кеттіңдер?!
Сағынып күтіп зарыққан кезде,
Сарғайған күз боп жеттіңдер, – деп бастапты.

Келесі «Күндерді сол бір сағынам» деген әніміздің соңғы қайырмасын:
«Қоңыр күз келді,
Енді біздерді
Күтпейді айлы түндері», – деп аяқтапты.

Енді, міне, сарғайған қоңыр күзінде, бәрімізді мұңға батырып, мәңгілік сапарына аттанып кетті.

Жаның жәннатта, тәнің рахатта болсын, Асыл Дос! Алла алдыңнан жарылқасын! Сен өзіңді ақынмын деп есептемесең де, біз сенің нағыз жүректі ақын екеніңді білеміз.

Сенің азаматтығың мен адамгершілігің және шығармашылығың туралы алда келелі еске алулар болатынына сенімдіміз. Себебі, сен соған лайықты ғұмыр кештің. Абдырап жол таппай қалған кезің болған емес, қандай да бір қиындықтардан қисынын тауып өтетінсің. Бірақ, ажалдың құрығынан кім құтылған?!

Ағайын-туыс, бауырларыңа, Алаугүліңе, ұрпақтарыңа Алла ғұмыр берсін.

Есжан ӘМІРОВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button