Жаңалықтар
Өмірден әлім өтті…
Ойы да, бойы да кең кісі еді. Баспасөзбен сырлас болды. Физика мен математика сынды нақты ғылымдардың ғұламасы болса да, әр саладан, әр дүниеден хабары мол, білімі телегей-теңіз Тұлғаның көзін көрдік, сөзін тыңдадық.

«Жақсының аты өлмейді, Әлімнің хаты өлмейді». Тіршілік дүниесіндегі көпшілігіміздің көңілімізге сол медет. Ханмен тең сөйлесер қарымды, қарамен тең сөйлесер қарапайым болған парасат иесі енді соңына қалдырған мол ғылыми мұрасымен жасайды.
Қазақтың Темірғали Әбілдаұлы Көкетайтегі сынды Адамзатқа қызмет еткен ғазиз ғалымын Алла-тағала алдынан жарылқап, жаны пейіш нұрына бөленсін! Ардағынан айырылған халықтың қайғысына ортақпын!
Қайрат ӘБІЛДА