Жаңалықтар

Өмір үшін – мың алғыс

Алғысымды аяулы Әсел анашыма арнағым келеді. Мен үшін әлемде ана мейіріміндей мейірім жоқ. Алақаны – біз үшін ең жылы ұя.

Сурет автордан

Ана! Бұл сөз кез келген тіршілік иесі үшін қастерлі. Дүние есігін ашқаннан бері, күні бүгінге шейін бізді әлпештеп, жебеп жүретін осы бір жанды құрметтеп, сыйлап өту – борышымыз. «Батыр да туған анадан, ғалым да туған анадан» демекші, біз қандай танымал, көпшілік алдында әйгілі болсақ та, анамыздан мәртебеміз асып түспесі анық.

«Баласы атқа шапса, анасы үйде отырып тақымын қысады». Түзде жүргенімізде, студент болып анамыздан жырақтап қалаға келсек те жадымыз­да аналарымыздың ақжарқын бейнесі жаңғырып тұра бермек. Анашыма деген махаббатымды көк сиямен ақ параққа жазып тауыса алмасым хақ. Аналарымызға тек 1 наурызда ғана емес, әрқашан алғыс айтып өтейік. Анашым – маған жарық әлемді сыйлаған жалғыз адам. Мың алғыс Сізге, анашым! Ғұмырыңыз ұзақ болсын!

Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН,
ҚарУ-дің І курс студенті

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button