Бас тақырып

Өмір нұрын сыйлады

Біз, облысымыздың әр жерінен келген 19 емделуші, биылғы жылдың сәуір айында Қарағанды қаласының №2 көпсалалы ауруханасының кардиология бөлімінде емделген едік. Барлығымызға күрделі ота жасап, өмірімізді сақтап қалған Арыстан Мағзұмов басқарып отырған осы аурухана ұжымына алғыс айтамыз. Өмір мен өлім арпалысында жүрекке батыл ота жасап, оның ұшықсыз болуына қамқорлық пен мейірімін аямаған ақ халатты абзал жандарға ризашылығымыз шексіз.

Ауруханада емге зәру барлық жанға толық жағдай жасалған. Таза, жарық, ота жасайтын құрал-жабдықтары заманауи деңгейде, оған қоса аурухана ұжымында біз көрген тәртіп, іскерлік, жауапкершілік, адамға деген мейірімділік пен қамқорлық қалыптасқаны – жанға дауа десек артық емес. Әр сырқаттың жан-дүниесін түсініп, моральдық жағынан рухани қуат беріп, жүрекке ота жасауға машықтанған білікті кардиолог-хирургтардың шипалы қолдарына дерт бермесін!

Медбикелердің, санитарлардың қайырымды қамқорлықтарына ризамыз. Қарағанды көпсалалы №2 ауруханасының директоры А.Мағзұмов, кардиология бөлімі меңгерушісі С.Цой, кардиолог дәрігерлер А.Жұмақаев, Р.Тұрсынбаев, А.Зинков, Ж.Садуов сынды азаматтар, аға медбике А.Дынник, сондай-ақ, Қ.Байшина, А.Лореш, Қ.Елманова сынды медбикелер, барлық санитарлар – өз ісіне шынайы берілген жандар. «Көп тілегі – көл» демекші, қалың елдің алғысына бөленіп, шипалы қолдарыңызбен адам жанына сая болудан шаршамаңыздар. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Біз аман-есен отбасымызбен қауышқанымызға бақыттымыз. Ол сіздердің арқаларыңыз, құрметті шипагерлер!

М.АРЫСТАНБЕКОВ,

Т.МҰХАНҰЛЫ,

А.МООР,

 С.БОГУНОВ және басқалары.

Басқа материалдар

Back to top button