Министрлік жол-көлік оқиғасы туралы мәлімдеме жасады
Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Бұланды ауданы Жаңаталап ауылының маңында “Астана-Петропавл” автожолында болған жол-көлік оқиғасы туралы мәлімет жариялады, – деп хабарлайды Ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға салдарын жою және көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары апат орнына дереу жіберілді.
Оқиға орнына вице-министр Кеген Тұрсынбаев бастаған ведомство басшылығы да барды.
Авариялық-құтқару жұмыстары барысында 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды. Олар Астана қаласына бара жатқан және ТЖ көлігімен жөнелтілді.
Медициналық мекемелерге 21 адам жеткізілді, өздері жүгінген азаматтар да бар, оның ішінде 11 адам ауруханаға жатқызылды. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖМ, ІІМ, жол қызметтерінен 152 адам және 68 техника жұмылдырылды.
Жылыту пункттері ашылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Облыстық ТЖД-да жедел желі телефоны жұмыс істейді : 8716-2-52-09-50.
Астана қаласына қарай 600-ден астам техникадан тұратын колоннаны алып жүру ұйымдастырылды. Щучинск қаласындағы блок бекетте 260 техника кептелісте тұрып қалған. Щучинск қаласындағы жылыту пунктіне 73 адам, оның ішінде 29 бала эвакуацияланды.
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Макинск қаласындағы станцияға 16 азаматты, оның ішінде 8 баланы жеткізді.
Азаматтар “Астана-Щучинск” тасжолының учаскесінен эвакуацияланған болатын. Олар теміржол көлігімен Астанаға жөнелтілді. 2025 жылғы 3 қаңтарда сағат 23:50-дегі жағдай бойынша Астана-Петропавл автожолындағы ЖКО орнынан барлық 95 автомобиль жөнелтілді.
Жол-көлік оқиғасының салдары толығымен жойылды, қисық сызықты брус қалпына келтірілді. Жол қызметінің қызметкерлері жол учаскесін толығымен тазартты.
«ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз», – делінген хабарламада.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.