Жаңалықтар

Министрдің марапаты

«Балқаш өңірі» газетінің Бас редакторы Қуаныш АМАНҚҰЛОВ Ақпарат және қоғамдық даму министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қуаныш Сағынтайұлы облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінде тілші, шолушы, жауапты хатшының орынбасары, жауапты хатшы, Бас редактордың орынбасары болып абыройлы қызмет істеді. Кейіннен бас басылымның Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалалары және Жаңаарқа, Ұлытау аудандары бойынша меншікті тілшісі болды. 2019 жылдың басында Балқаш, Приозерск қалалары және Ақтоғай, Шет аудандары бойынша меншікті тілшісі қызметінде болды. Сол жылы Балқаш қалалық «Балқаш өңірі» газетіне Бас редактор болып тағайындалды. 

Арқаның қарашаңырақ басылымында тәжірибе жинақтаған әріптесімізді марапатымен құттықтаймыз.

Басқа материалдар

Back to top button