АймақБас тақырыпҚарағанды

Министр Саясат Нұрбек «Qarmet» комбинатында болды

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек іссапармен Қарағанды облысына келген болатын. Жұмыс сапары барысында министр «Qarmet» АҚ жұмысымен танысты.

Суреттер: Qarmet» АҚ баспасөз қызметінен

Бірлескен кеңесте металлургия саласы үшін кадрлар даярлауды жақсартуда білім беру мекемелерімен ынтымақтастық талқыланды. «Qarmet» АҚ Бас директоры Вадим Басин компания жас мамандарды тартуға және олар үшін кәсіби өсу мен даму үшін жағдай жасауға мүдделі екенін атап өтті.

Сапар барысында металлургия комбинатына таныстыру сапары өтті. Министрге сортты илектеу және конвертер цехы, оның ішінде дайындамаларды үздіксіз құю машинасы (МНЛЗ-2) көрсетілді. Вадим Басин комбинаттағы өндірістік процестер туралы, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және оның тиімділігін арттыруға бағытталған іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы айтты.

Ғылым және жоғары білім министрінің «Qarmet» АҚ металлургия комбинатына жасаған сапары өнеркәсіп пен білім арасындағы байланысты ығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. Бұл металлургия саласы үшін мамандар даярлау сапасын арттыруға және саланы білікті кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button