Ресми

Міндеттеме үлкен – жоспар ауқымды

Қабылдауға келген тұрғындардың көкейіндегі сұрақтардың дені облысымыздағы туризм саласын дамыту және соңғы жаңалықтарға байланысты зейнетақы қорын баспанамен, ем алу үшін қалай пайдалана аламыз деген сипатта болды.

 

Біріншіден, туризм саласына тоқталар болсақ, Nur Otan партиясының алдағы 5 жылға жоспарлаған бағдарламасында Қарағанды облысының туризмдік аймақтары болып табылатын Қарқаралы, Балқаш, Ұлытау өңірлеріне көп көңіл бөлінген. 2021 жылдан бастап жоғарыда айтылған өңірлерде сауықтыру орталықтары мен демалыс орындарының санын көбейту қолға алынып отыр. Ұлытау өңіріндегі Жошы хан кесенесінің жанындағы туристік кешеннің құрылысын аяқтап, қолданысқа беру жоспарланып отыр. Курорттық аймақ орындарына жаңа туристік маршруттар әзірлеу және бұдан да басқа көптеген жұмыстар жоспарланған.

Екіншіден, зейнетақы қорын баспана мен ем алу үшін пайдалану мәселесі. Қарттар еліміздің қазынасы және зейнет жасындағы үлкендерімізге қолайлы жағдай жасау Nur Otan партиясының алдыға қойған мақсаттарының бірі. Зейнетақы қорын пайдалану мәселесі әлі де болса мәжілісте талқыланып, толықтырулар енгізіліп жатқаны баршаңызға мәлім, сондықтан алдағы уақытта бұл сұраққа толыққанды жауап беру үшін тағы да тоқталатынымыз сөзсіз.

Ерден ХАЛИЛИН,

Nur Otan партиясынан Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат.

Материалдың жариялану ақысы Nur Otan партиясының

Қарағанды облыстық филиалының сайлау қорынан төленді.

Басқа материалдар

Back to top button