Жаңалықтар

Міндет – халық денсаулығын сақтау

Қарағанды облысында 1 млн. 134,4 мың адам тұрады. Ауылдық жерлерде халық аз шоғырланған. Бұл  халыққа медициналық көмек көрсетуге айтарлықтай әсер етеді. Есептеу бойынша бір шаршы шақырымға 1,3 адамнан келеді.

Өткен жылдың 11 айында облыста туберкулезден болатын өлім-жітім 21,7%-ға (100 мың тұрғынға 1,8), қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 10,5%-ға (100 мың тұрғынға 68,4-ке дейін), қан айналымы жүйесінің аурулары себебінен болатын өлім-жітім 16,7%-ға (100 мың тұрғынға 293,3-ке дейін) төмендеді.

Сурет: облыстық денсаулық сақтау басқармасынан

Инфрақұрылымға қан жүгіреді

Облыста медициналық көмек көрсететін 139 мекеме бар. Оның ішінде – 44 стационар, 89 амбулаториялық емхана ұйымы, алты басқа да медициналдық ұйым. 36 медициналық ұйым алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетеді. Оның 16-сы мемлекеттік, 20-сы жекеменшік.  Ауылдық жерлерде жеті орталық аудандық аурухана жұмыс істейді. Олардың құрамына төрт ауылдық аурухана, 60 дәрігерлік амбулатория, 47 фельдшерлік-акушерлік пункт, 142 медициналық ұйым кіреді. Барлығы 7 099 стационарлық төсек орны бар. Оның 5 792-сі мемлекеттік секторда (77,4%) және 1 307-сі мемлекеттік емес секторда. Денсаулық сақтау объектілерінің басым бөлігі тозған.  Оның 70%-ы 1960-1980 жылдары салынған. Қазір жергілікті бюджет есебінен 14 млрд. теңгеден астам сомаға 59 нысанды жөндеу жоспарланды. 

Соңғы төрт жылда 12 млрд. теңгеге 116-дан астам нысан (оның ішінде Ұлытау облысының объектілері де бар) жөнделді. Сондай-ақ, алдағы үш жылда медициналық техника паркін 18 млрд. теңгеден астам сома болатын 995 бірлікке жаңарту жоспарланған. Бұл негізінен медициналық көліктер.

Соңғы үш жылда материалдық-техникалық жағдайды жақсарту үшін жергілікті бюджеттен 12 млрд. теңгеден астам қаражат бөлініп, 5 млрд. теңгеден астам жеке инвестиция тартылды.

Бұл жабдықталуды 8,1%-ға (2022 ж. – 87,1%) ұлғайтуға, медициналық техника паркінің тозу деңгейін 51%-дан 45%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Алдағы үш жылда барлық медициналық жабдықтар паркін 100% жаңартуды және күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін, ҚАЖК берілген объектілерді ескере отырып, 21 млрд. теңгеден астам сомаға медициналық жабдықты жаңарту жоспарлануда.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік денсаулық сақтау инфрақұрылымына инвестицияларды ұлғайту әлеуетіне ие. Соңғы 10 жылда облыста 13 млрд. теңгеге 50 МЖӘ шарты жасалды.

Дегенмен, мемлекеттік-жекешілік әріптестікті дамытуға болатын бірқатар басқа бағыттар бар. Мысалы, клиникалық практикамен байланысты және байланысты емес қызметтерді ұсыну, денсаулық сақтау ресурстарын бөлуге және әртүрлі медициналық жабдықтарды жалға алуға байланысты жобалар.

Жаңа нысандар сапаны арттырады

 200 орындық облыстық көпбейінді балалар ауруханасының құрылысын (8 млрд. теңге) осы жылдың наурыз айында аяқтау жоспарланған. Мұнда ерте  араласу орталығы бар катамнез кабинеті де орналасады.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіліп жатқан облыстық онкологиялық диспансердің операциялық-реанимациялық блогіның қосымша құрылысы аяқталуға жақын. Онкодиспансерді жарақтандыру бойынша біздің ұсыныстарымыз елдің онкологиялық қызметін дамыту жөніндегі кешенді жоспарға енгізілді.

Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты ПЭТ/КТ корпусының құрылысы мен желілік үдеткіш үшін, сондай-ақ, Қарағанды қаласының №1 көпсалалы ауруханасының қабылдау-диагностикалық бөлімшесінің құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасына түзетулер жасалуда. Сонымен қатар, биыл барлық жеті орталық аудандық ауруханаларға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Жалпы айтқанда биыл денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын жақсарту бойынша бірқатар жоспарлар айқындалды.

Ауыл медицинасына назар ерек

Биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында алты ФАП құрылысы аяқталады. Жаңартуды талап ететін 92 ауылдық елді мекендегі нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына енді. Аталған нысандарды 11 дәрігерлік амбулатория, 34 ФАП және 47 медициналық пунктпен байланыстыру үшін жергілікті бюджеттен 608 млн. теңге бөлінетін болады.

Балқаш және Теміртау қалаларының ауруханалары базасында ауылдық аудандарға қызмет көрсету аймағын айқындап және «алтын уақыт» стандартын сақтай отырып, белгілі бір патологиясы бар пациенттерді, инсультпен, миокард инфарктісімен, жарақаттармен,  хирургиямен және оңалтуға жатқызылатын науқастарды жеткізу үшін ауданаралық ауруханалар құрылады. Осы ауруханаларды күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 865 млн. теңге бөлінді.   Ангиографтарға жапсарлас құрылыстар салу үшін қосымша ЖСҚ әзірленуде, оларға 2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінетін болады.

 Дәрігерге қолдау  жан-жақты

Дәрігер тапшылығын шешуде келген мамандарды қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету  басты фактор болып табылады. Өңірлік бағдарлама аясында пайдаланылмайтын ғимараттарды және бұрынғы жатақханаларды қайта жаңартып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тұрғын үй жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталатын болады.

Облыстық балалар ауруханасы жаңадан салынған ғимаратқа көшкеннен кейін ескі ғимарат 94       пәтерлік толық жабдықталған «Дәрігерлер үйіне» айналады.

Облыста кадрлық әлеуетті        дамыту және нығайту бағдарламасы әзірленді. 2030 жылға дейін мамандықтар бойынша дәрігерлерді даярлау жоспары жасалды. Резидентурада мамандар даярлау жергілікті бюджет және медициналық кәсіпорындар есебінен    жүзеге асырылады. Бұл мақсатта 66 маманды оқыту үшін 165,6 млн. теңге бөлінген.

Соңғы үш жылда 204 жас дәрігер тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Шахтинск, Саран, Балқаш, Приозерск, Теміртау қалаларының мамандары баспанаға ие болды. Келер жылы Қарағанды қаласында пайдаланылмайтын ғимараттарды қайта жаңартып, күрделі жөндеу жүргізілмек. Тұрғын үй жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталады.

Бұдан бөлек, былтыр «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 59 дәрігерге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер берілді. 76 маман көтерме жәрдемақы алды. Соңғы жылдары келген және кеткен медицина  қызметкерлерінің саны бойынша оң баланс байқалады. 

Сонымен қатар, биыл қала, аудан  әкімдерінің гранттары бөлінетін болады. Биыл  30-дан астам жас маман Түркия, Израиль, Германия және жақын шет елдерде біліктілігін арттырады деп жоспарланған. Балқаш және Теміртау қалаларының ауруханаларында 10 арнайы маман-релокант жұмысқа тартылды. Кадрлық проблемаларды шешу үшін биылдан бастап облыстың жетекші клиникаларында жұмыс істейтін арнайы мамандар үшін моноқалада және ауылда жұмыс кестесін айқындай отырып, 2/10 (ауылда 1 ай, моноқалада 1 ай жұмыс істейді) интеграцияланған келісімшарт енгізілетін болады. Біздің ахуалдық орталықтарымызда (8 ахуалдық орталық бар: онкологиялық қызмет, инфаркт, инсульт, травматология, жедел жәрдем, босандыру, хирургия, ДСБ жанындағы облыстық ахуалдық орталық) осы жылдың ақпан айынан бастап, ауылға келген жас дәрігерлер үшін тәлімгерлік және оларды одан әрі жүргізу мақсатында құзыреттер ашылады.

Сондай-ақ, медицина қызметкерінің имиджін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы шаралар дәрігерлердің тапшылығын жоюға және мамандардың жыл сайын тұрақты түрде келуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

***

Пациенттерді амбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ұлғаюы байқалады.

Халықтың дәрілік препараттарға қол жеткізуі үшін 29 әлеуметтік дәріхана ашылды (5%-ға дейін   арзан). Ауыл тұрғындары үшін жеті жылжымалы дәріхана пункті күн сайын кесте бойынша ауылдық округтерге барып тұрады.

Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры үлкен көмек көрсетті. Қор 17 пациентті 6 дәрілік препаратпен қамтамасыз етті. Оның ішінде, сирек орфандық аурулары бар 14 балаға 1,1 млрд. теңге көлемінде дәрі-дәрмек алып берді. Жергілікті бюджеттен жыл сайын орфандық аурулары бар пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 3 млрд. теңгеден астам    қаражат бөлінеді.

Жалпы, болжап отырғанымыздай, қабылданып жатқан         шаралар облыстың денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға және жаңа сынақтарға дайын болуға мүмкіндік береді.

Қалдыбек ИСМАИЛОВ,

облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы

Басқа материалдар

Back to top button