Жаңалықтар
«Міндет – барынша көмек көрсету»
Приозерск қаласының жастары «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы басталғалы белсенді. Өткен аптада қала көшелерін қоқыстан тазартқан болатын. Бұл жолы зейнеткерлердің үйіне барып, ауласын қоқыстан тазартуда.

Қала жастары барша қазақстандықтарды осы акцияға қосылып, игі жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.
– «Өнегелі ұрпақ» акциясы аясында қала жастары жалғыз басты қарт зейнеткерлеріміздің ауласын барынша жинап көмектесуде. Еріктілер ауладағы арам шөптерді жұлып, ауланы абаттандырып, үй ішін жинады. Біздің міндет – барынша көмек көрсету. Сондықтан, баржа жасты осы акциядан қалыс қалмауға шақырамын, – деді қала жастары.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz