ТОКҮО 2020

Милад Карими — финалда

Токио Олимпиадасында спорттық гимнастикадан финалға өткен спортшылар есімі белгілі болды. Олардың қатарында қазақстандық Милад КАРИМИ де бар.

Милад Карими үш жаттығу бойынша финалға жолдама алды.

Ол гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша іріктеуде 14.766 ұпай жинап, екінші нәтиже көрсетті. Ал, еркін жаттығуда 8-ші орын иеленіп, финалға жолдама алды. Сондай-ақ, көпсайыс бойынша 20-шы орынға тұрақтап, Токио Олимпиадасының финалдық кезеңіне өтті.

Осылайша, қазақстандық гимнаст үш финалда бақ сынайды.

Басқа материалдар

Back to top button