Теміртау
Металлургтер межесі
Теміртаулық металлургтер жұмыс қарқынына қарқын қосуда. Бүгінде металлургиялық комбинатта болат өндіру – 8,2 пайызға, шойын өндіру – 8,4 пайызға артып отыр.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері комбинатта 1 млн. 300 мың тонна болат, 1 млн. 200 мың тонна шойын шығарылған. Тиісінше, бұл межелер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,2 және 8,4 пайыз артық көрсеткішті көрсетуде.
Қазіргі таңда кәсіпорында жүргізілген техникалық жаңғырту жұмыстары нәтижесінде еңбек өнімділігі арта түсуде. Соның нәтижесінде металлургтердің жоспарды асыра орындауына мүмкіндік ашылуда.
Нұрқанат ҚАНАФИН