ЖаңалықтарСпорт

Месси – жылдың үздігі

Аргентиналық фотболшы Лионель Месси BBC Sports тұжырымы бойынша 2022 жылдың үздік спортшысы атанды. Аргентина құрамасының капитаны мен көшбасшысына арнайы Personality World Sport Star сыйлығы табысталатын болады.

Бұл жыл бойы әлемдік деңгейдегі ең маңызды жетістікке жеткен спортшыға берілетін жүлде. Футболшы биыл Аргентина құрамасымен әлем чемпионатын жеңді. Әрі чемпионаттың үздік ойыншысы атанды. Қарсыластар қақпасына жеті гол салып, үш нәтижелі пас берді. Сонымен қатар ол әлем чемпионатының бірқатар рекордын да жаңартты.

Басқа материалдар

Back to top button