Бас тақырыпБасты тақырып

«Мешіт салғысы келетін кез келген қазақстандықтың өтініші қаралмайды»

«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Қайролла Көшқалидың айтуынша, «Көбі аты қазақ, иісі мұсылман болған соң, мешіт салғылары келеді. Алайда, ресми өтініш болғанда ғана бұл мәселе қаралады» деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі  BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Сурет Museum Karaganda

Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, Заң бойынша мешіт салғысы келетін кез келген қазақстандықтың өтініші қаралмайды. Себебі заңда белгіленген алгоритм бар. Мысалы, егер белгілі бір елдімекенде мешіт болмаса, онда 50-150-ден астам тұрғыны жиналып, жергілікті бас имамға (не жергілікті ҚМБД-ға) барып өтініш білдіре алады.

Өтінішті имамдар мен заңгерлер қарайды. Ресми түрде діни бірлестіктің атынан жергілікті әкімдікке өтініш жібереді. Мешіт салуға әкімнің үкімі шыққаннан кейін діни бірлестіктердің бұл жұмысты жалғастыруға мүмкіндігі бар.

Дін істері жөніндегі басқарма басшысының айтуынша, елге шетелден екі Құран алып кірсе де, азамат заң бұзды деп есептеліп, жауапқа тартылады.

–Бүгінде Қазақстан азаматтары шетелге шығып жүр. Соның ішінде қажылық жасауға барады. Заңда айтылғандай, әрбір Қазақстан азамат елімізге діни мазмұндағы бір кітап қана кіргізе алады. Одан көп болса, азамат заң бойынша жауапқа тартылады, – дейді Қайролла Көшқали.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button