Шет

Мешіт бой көтерді

Бірлігі жарасқан Нұраталды ауылының тұрғындары жүз елу орындық мешіт тұрғызып, Қазақстан халқының бірлігі күні ел игілігіне тапсырды.

Ауылдың орталығынан бой көтерген көк күмбезді мешіттің салтанатты ашылу рәсіміне орай республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Қарағанды қаласындағы «Әнет баба» мешітінің наиб-имамы Елдос Қуандықұлы құран бағыштады.

Сауабы мол шараны Шет ауданы мәслихатының хатшысы Бәкен Төлеуқұлов құттықтау сөзімен ашып, ел бірлігін нығайту тарапында өңірде атқарылып жатқан игі істер жайын баян етті. Осы жерде сөз алған облыстың бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа өз сөзінде ауылдықтардың берекелі ісіне сүйсініс білдірді.

  • Бұл мешіттер сан ұрпаққа Архив қорына тапсырылған құжаттар қатарында автобиография, фотосуреттер, медальдар куәлігі, сертификаттар, аудио және бейнежазбалар бар. Барлық құжаттар түпнұсқада ұсынылған. Осылардың негізінде «Тарихтағы есімдер» атты көрме ұйымдастырылып, бейнефильмдер көрсетілді. – Ардагерлердің ерлігі халық жадынан жойылмайды. Олар ұрпақ үшін соғыстың ауыртпалығына төзді, қиындықты еңсерді. Сондықтан да, біз олардың алдында қарыздармыз. Ардагерлерді ұлықтау – міндетіміз, қызмет ететін болады. Осы мешітті салуға қаржылай көмек көрсеткен адамдар өздерінің иманды істерін жарнамалап, жар салмауларының өзі көп жайды ұқтырса керек. Дәл осындай мешітке ие болуымыз – тұғырлы тәуелсіздігіміз бен бекем бірлігіміздің арқасы, – деді бас имам.

Сондай-ақ, салтанатты шарада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Кәмел Жүністегі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асанов, ауданның бас имамы Берік қажы Алпысбайұлы жиналған жамағатқа ақ тілектерін арнады. Ауыл ақсақалы Алпыс Құтышов мешітті салуға демеушілік танытқан азаматтарға, барша ауыл тұрғындарына алғыстарын білдірсе, Өзкен Қожкенов ақсақал мешітке қасиетті Құранды тарту етті.

Қазақы салтпен ақ жаулықты аналар шашу шашты. Мешітте алғашқы намаз оқылып, уағыз айтылды.

Ауыл тұрғындарының қуанышын спорттық шаралар еселеді. 20 шақырымдық аламан бәйгеге ат шаптырып, арқан тарту, қол күрес, кір тасын және қошқар көтеруден сынға түсіп, өз мықтыларын анықтады. Соңынан ауыл асханасында ас берілді.

  • Ауыл халқы мешіт салуға өз жандарынан қаржы жинап, Алла үйінің кірпішін өз қолдарымен құйды. Енді міне, ізгі бастама баянын тауып, 150 орындық мешіт пайдалануға беріліп отыр. Осы тұста ауылда тұрмаса да мешіт құрылысын салуға үлкен көмек көрсеткен Ерлан Құтышов, Алмат Есмахаев сынды азаматтардың есімін ерекше атап өтуге болады. Нұраталды ауылының халқына ақ алғысымды білдіремін, – дейді Нұраталды ауылының әкімі Сағынған Ахымбеков.

Думан ҚАБЫЛ.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button