АймақБұқар жырау

Мерекелік викторина

Ғабиден Мұстафин кентіндегі көпшілік кітапхананың қызметкерлері Мемлекеттік рәміздер күнінде осы тақырыпта викторина ұйымдастырды. Оған осындағы Токаревка орта мектебінің оқушылары мен агротехникалық колледждің студенттері қатысты.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Викторина сұрақтары Мемлекеттік Туымыз, Әнұранымыз, Елтаңбамызға қатысты болып, олардың бұл жөніндегі білімдері сарапқа салынып, тапқырлықтары таразыға түсті.

Қызықты әрі тартысты өткен бәсекеде Токаревка орта мектебінің оқушысы Тимур Ахмеджанов бәрінен озық тұрса, одан кейінгі екінші, үшінші орындарды жоғарыдағы колледждің студенттері Анастасия Реш пен Алексей Лященко бөлісті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беріліп, қалған қатысушылар ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button