АймақТеміртау

Мерекелік марапаттар

Баспасөз күніне орай облыс пен Теміртау қаласының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін марапаттау рәсімі Теміртау қаласы әкімдігінде бүгін өтті.

Сурет автордан

Салтанатты шараны құттықтау сөзбен ашқан Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Самат Зияшев:

– Бүгінде БАҚ өз міндеттерін абыройлы және жауапкершілікпен атқаруда. Олар мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы,Президентіміздің тапсырмаларының орындалысы мен реформалардың барысы туралы халыққа жан-жақты ақпарат беріп жүр. Соның ішінде біздің Теміртау қаласының әлеуметтік-кономикалық дамуы, қала өміріндегі жаңалықтар мен жаңашылдықтарды жазып жүрген сіздер сияқты қалам иелері қандай құрметке де лайықсыздар, – деп, бір топ журналистке марапаттар тапсырды.

Бұл жолы Теміртау қаласының Құрмет грамотасын алғандардың қатарында осы жолдардың авторы мен “Қазақстан” республикалық телерадио корпорациясы” АҚ Қарағанды облыстық филиалының Қазақ тіліндегі хабар тарату редакциясының редакторы Әшмұхан Жанпейісов, “Магнитка плюс” газетінің редакторы, “Индустриальная Караганда” газетінің меншікті тілшісі Сергей Баданин, “Теміртау тынысы” газетінің бас редакторы Нұрлыхан Қалқаманұлы, “Вечерняя газетаның” тілшілері Светлана Лебедева, Оксана Матвиенко, “247media.kz” ақпарат агенттігінің журналисі Арман Әбілқасымов, “Радио-102” ЖШС радиожүргізушісі Елена Дүйсембаева, “ТТК” ТК бас редакторы Татьяна Ромашова бар.

Ал Теміртау қаласы әкімінің Алғыс хатына “SARARQA” телеарнасының редакторлары Ботабек Тілегенов пен Нұржан Тәңірбергенов, “ТТК” телеарнасының редакторы мен аға оператоторы Тоғжан Сағымбекова мен Жахангир Қуанышбаев, @temirtau.times қалалық паблигінің әкімшілері Өміржан Әлібек пен Әсел Мәлікова ие болды.

Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ

Басқа материалдар

Back to top button