Жаңалықтар

Мерекелік көмек көрсетіледі

Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, Әйелдердің халықаралық күні қарсаңында облыс бойынша 32 441 адамды материалдық көмекпен қамту жоспарланған. Бұл мақсатта 861,2 млн теңге бөлінді. Оның 853,8 млн теңгесі жергілікті бюджет есебінен болса, 7,4 млн теңгесі бюджеттен тыс қаражаттан.

Сурет el.kz

Жергілікті атқару органдарының шешімімен бір реттік материалдық көмекті 28 399 адам алады. Көмек барлық қалалар мен аудандардағы түрлі әлеуметтік санаттағы әйелдерге беріледі. Бұған 853,4 млн тенге бағытталады.

Көпбалалы аналар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе «Батыр ана» атағын алған аналар 20 мың теңгеден, Шахтинскіде мүгедек балалар өсіріп отырған аналар 20 мың теңгеден көмек алады. Сонымен қатар, Теміртауда амбулаториялық ем алып жүрген туберкулезбен ауыратын науқастарға 60 мың теңге, ал, Саран қаласында баласы мектепке дейінгі мекемеге баратын көпбалалы отбасыларға көмек беріледі.

Халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан әйелдерге ме­ре­келік шаралар мен арнайы дас­тарқан ұйымдастырылады. Мұндай көмек 2,2 млн теңгеге 2 335 адамға көрсетіледі. Бұлар – егде жастағы жалғызілікті жандар, І, ІІ топ мүгедектері. 1 048 адамға бюджеттен тыс қаражаттың 4,2 млн теңгесіне азықтүлік себетін беру жоспарланған.

Бұдан өзге, халықтың осал топтарына мерекелік шаралар өткізуге, дастарқан жайып, конкурстар мен спорттық сайыстар ұйымдастыруға 1,3 млн теңге бөлінеді, қаражатқа 662 адам қамтылмақшы. Мұндай қолдаулар Қарағанды, Балқаш, Саран қалалары мен Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра аудандарында да жасалады.

Жансая ОМАРБЕК,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button