Бас тақырыпЖаңалықтар

Мерекелеріңізбен, тәртіп пен заңның сақшылары!

Сурет kaz.zakon.kz

Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері, ардагерлер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Полиция күнімен құттықтаймыз!

Ішкі істер органдарындағы қыз­мет бұл жай ғана жұмыс емес, бұл күнделікті тәуекелге бел буып, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында қажыр-қайрат танытып, елге адал қызмет ету деген сөз. Күн сайын сіздер азаматтарымыздың құқықтары мен тыныштығын қорғап, қоғамдағы тұрақтылық қамтамасыз етесіздер.

Осы орайда құқық қорғау саласында ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп, саланың дамуына зор үлес қосқан ардагерлер қауымына алғысымыз ерекше. Сіздер жұмыс­тарыңызды абыроймен атқарып, жас қызметкерлердің бірнеше буынын тәрбиелеп, баға жетпес тәжірибе, ант пен қызметтік борышқа адалдықтарыңызды көрсеттіңіздер. Дәстүр сабақтастығы – бұл қазақстандық полицияның негізі.

Бүгін біз осынау аса жауапты қызметті таңдаған әр азаматқа шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, амандық, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!
Мереке құтты болсын!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Back to top button